О внесении дополнений в решение от 17 марта 2005 года № С 18-4 «Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг» Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы 17 наурыздағы № С 18-4 “Аз қамтылған отбастарға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына берілетін көмектің Ережелерін бекіту туралы” шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына және Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы 8 маусымдағы № С-1-17-3 шешімімен бекітілген “Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлік танытатын тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережелерінің” 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшінің жойылуына байланысты Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл аудандық әділет басқармасында № 1-3-2 тіркеліп, 2005 жылғы 30 сәуірінде аудандық “Знамя Родины” газетінің 17-санында жарияланған 2005 жылғы 17 наурыздағы № С 18-4 “Аз қамтылған отбастарға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына берілетін көмектің Ережелерін бекіту туралы”, 2007 жылғы 6 қарашада Ақкөл аудандық әділет басқармасында № 1-3-76 тіркеліп, 2007 жылғы 16 қарашадағы аудандық “Знамя Родины КZ” газетінің 40-санында, “Ақкөл өмірі” газетінің 46-санында жарияланған 2007 жылғы 10 қазандағы № С 2-7 шешімдеріне келесі толықтырулар енгізілсін:
№ 4,5,6,7,8,9,10 тармақтарын келесі мазмұнмен толықтырылсын:
«4. Жанұяның жиынтық табысын есептеу тәртібі.
17. Жиынтық табысқа тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берген тоқсанға дейінгі тоқсанның бірге тұратын жанұя мүшелерінің табыстары енгізіледі (әрі қарай-есеп кезеңі).
18. Жарты айлық жанұяның жиынтық табысы тоқсанға осы кезеңнің жиынтық табыстың тоқсандағы айлар санына бөлу жолымен есептеледі.
Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келген (кеткен) күннен бастап есепке алынады (алынбайды).
5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
19. Тұрғын үй көмегіне үндеу берген тоқсанның алдынғы тоқсанның жанұяның жиынтық табысқа жанұяның бүкіл мүшелері табыстары қосылады (әрі қарай-есеп кезеңі).
20. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай ендігі түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асыраудағы жандарға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалкы шаруашылықтан;
5) өзге де табыс;
18. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) атаулы әлеуметтік көмек;
2) аз қамтамасыз етілген жанұядағы он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар;
3) тұрғын үй көмегі;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
6) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
7) аудандық бюджет есеп қаражатынан көрсетілетін қаладағы көлікте жүру материалдық (әлеуметтік) көмек;
8) ең төмен күнкөріс көлемі белгіленгеннен төмен ортақ жалпы саннында есеп кезеңінде көрсетілген республикалық және жергілік бюджет қаражатынан, сонымен қатар жұмыс беруші көрсететін бір жолғы төлеу және материалдық көмек;
9) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
10) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
11) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар,
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
Білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
22. Жиынтық табысы есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Ереженің 12-тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, ақшалай және заттай нысандағы үстемелер, сыйақылар, қосымша ақылар, өтемдер, (қаржыландыру көзіне қарамастан);
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткізіп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтканда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері; оларға өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
осы бөлімде көрсетіліген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгіленген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
23. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асыраудағы жандарға арналған алимент түріндегі табыс
24. Жиынтық табысы есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
25. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асыраудағы жандарға арналған алимент түріндегі табыс
26. Балаларға және басқа да асыраудағы жандарға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
27. Адамдардың асыраудағы жандарға ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар негізінде есептеледі.
28. Жиынтық табыс, егер төлеуші:
1) жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы түзеу мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
3) Қазақстан Республикасы тиісті келісім жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
29. Балаларға және басқа да асыраудағы жандарға алынған алимент аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен
9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс.
30. Жеке қосалкы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден) түскен табыс жиынтық табысқа қосылады.
31. Табыс көлемі, жеке қосалқы шаруашылықтан есепті кезеңдегі бес айлық мөлшерінде қабылданады.
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
2) туыскандарының және басқа да адамдардың акшалай және заттай көмегін (құн түрде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс.
Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.»
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
2007 жыл 13 желтоқсан
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағларламалар бөлімінің бастығы
Н.Қ.Мананбаева
2007 жыл 13 желтоқсан