О внесении изменений и дополнений в решение Аккольского районного маслихата от 17 марта 2005 года № С 18-4 «Об утверждении Правил оказания помощи социально - защищаемым семьям (граждапам) на оплату содержаиия жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 17 наурыздағы № С 18-4 “Аз қамтылған отбастарға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына берілетін көмектің Ережелерін бекіту туралы” шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл аудандық әділет басқармасында № 1-3-2 тіркеліп, 2005 жылғы 30 сәуірінде аудандық “Знамя Родины” газетінің 17 - санында жарияланған 2005 жылғы 17 наурыздағы № С 18-4 “Аз қамтылған отбастарға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына берілетін көмектің Ережелерін бекіту туралы”, 2007 жылғы 6 қарашада Ақкөл аудандық әділет басқармасында № 1-3-76 тіркеліп, 2007 жылғы 16 қарашадағы аудандық “Знамя Родины КZ” газетінің 40 - саныңда, “Ақкөл өмірі” газетінің 46 - санында жарияланған 2007 жылғы 10 қазандағы № С 2-7, 2008 жылғы 15 қаңтарда Ақкөл аудандық әділет басқармасында № 1-3-81 тіркеліп, 2008 жылғы 25 каңтардағы аудандық “Знамя Родины КZ” газетінің 4 - санында, “Ақкөл өмірі” газетінің 3 - санында жарияланған шешімдеріне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
“2 бөлімін «және кондоминимум объектілерді күрделі жөндеу» сөздермен толықтыру;
ендігі құрамында 4-1, 4-2, 4-3 бөлімдермен толықтыру:
«4-1 Электр қуат алуына өтемақылық мөлшерлер ай сайынғы есептеу құралының көрсетулері бойынша бекітіледі, бірақ жалғыз тұратын азаматгар үшін 70 кВт және 2 немесе одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 50 кВт.
4-2 Газ алу үшін өтемақылық мөлшерлер айда орталық газ беруде счетчиктің көрсетулері бойынша бекітіледі, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін 8 килограммнан аса және 2 және одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 5 килограмм. Баллондық газ беруде жалғыз тұратын азаматтар үшін 1 баллон және 2 және одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 0,5 баллон.
4-3 Қатты отын алу үшін өтемақылық мөлшерлер жергілік жылу беру үйлер үшін пайдалы ауданының 1 кв.м. 83 кг (7 ай жылу беру мерзімге). Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташаланған қабылдау»;
7 бөлімін «бүкіл керек құжаттармен және ай сайын төленеді» сөздермен толықтыру;
8 бөлімінде 5) тармақшасындағы «тұрғын үйді ұстау және коммуналдық ақысын төлеу шығындары жайлы мәліметтер» сөздерін «жылу беру бойынша қызмет көрсетуге шарт (көшірме)» сөздермен ауыстыру;
7) тармақшасында «жеке счетчиктер бойынша нақты алынған қызметтер» сөздерді «(жылу беруден басқа) коммуналдық қызмет үшін төлемдер туралы» сөздермен ауыстыру;
ендігі құрамында 8) бөліммен толықтыру:
«8) кондоминиум объектілерді күрделі жөндеуді өткізу керегі туралы жалпы тұрғындар жиналысының хаттамасы»;
ендігі құрамында 8-1 бөлім толықтыру:
«8-1 Тұрмыстық көмек алуға құқығы тоқсан сайын жанұя адамдардың кірістері туралы анықтамалары және коммуналдық қызметке төлемдері туралы түбіртектерімен расталады»
9 бөлімде «өкілетті орган» сөздерден кейін «10 күн ішінде» сөздермен толықтыру;
10 бөлімді азат жолмен толықтыру:
«Тұрмыстық көмекті тағайындау ағымдағы тоқсанға тоқсан сайын жүргізіледі, сонымен жанұя кірістері және (жылу беру шығындардан басқа) коммуналдық қызмет үшін шығындар өткен тоқсанға есептеледі, жылу беру шығындары нақты төлемдер бойынша ендігі есептерімен жоспарланған есептерден алынады.»
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1 - қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
2008 жылғы 25 тамыз
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
Т.И.Ли
2008 жылғы 25 тамыз
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Н.Қ.Мананбаева
2008 жылғы 25 тамыз
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 25 тамыздағы
№ С 10-3 шешіміне
1 - Қосымша
Әлеуметтік қорғанатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді, ұстауға (жеке үйден басқа) және коммуналдық қызметті пайдалану ақысына берілетін көмектің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасынлағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9 қыркүйектегі № 949 «Телефонның абоненттік ақысының тарифы өсуіне өтем мәселесі туралы» қаулысына сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін жасалған және тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге берітетін көмекті әлеуметтік көмек тағайындау және төлемі жөніндегі аудандық өкілетті орган (әрі қарай - өкілетті орган) тағайындайды.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) үй ұстау (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) үшін төленген ақының шығынын толтыруға, қолданған коммуналдық қызмет акысына және кондоминимум объектілерді күрделі жөндеу және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысына беріледі
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұрғылықты тұратын және үйдің меншікті иесі немесе үйді жалға алып тұрушы қала телекоммуникация желісінің абоненттері болып саналатын адамдарға, егер үйді (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) ұстау төлемінің, қолданылған коммуналдық қызмет ақысының және телефонның абоненттік ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысының шығымы отбасының кіріс жиынтығының он бес пайызынан асып кетсе ғана төленеді.
Тармақ 4
4. Өтем мөлшерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының шамасы жалғыз тұратын азаматтарға 30 шаршы метр, екі немесе одан да көп адамы бар жанұяларға әр адамға 18 шаршы метр қабылдау.
Нақты қолданудан шыға тұра, нормативтік құжаттарға сәйкес шектелген шамалардан артық емес (құрлыс нормалары мен ережелері) коммуналдық қызметтерді (сумен қамту, жылу қуаты, канализация, қоқсық) пайдалану нормативтері.
Тармақ 4-1
4-1. Электр қуатын алуға өтемақылық мөлшерлер ай сайынғы есептеу құралдарының көрсетулері бойынша бекітіледі, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін 70 кВт және 2 және одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 50 кВт.
Тармақ 4-2
4-2. Газ алу үшін өтемақылық мөлшерлер айда орталық газ беруде счетчиктің көрсетулері бойынша бекітіледі, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін 8 килограммнан аса және 2 және одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 5 килограмм. Баллондық газ беруде жалғыз тұратын азаматтар үшін 1 баллон және 2 және одан да көп жанұялар үшін жанұяның әр адамына 0,5 баллон.
Тармақ 4-3
4-3. Қатты отын алу үшін өтемақылық мөлшерлер жергілік жылу беру үйлер үшін пайдалы ауданының 1 кв.м. 83 кг (7 ай жылу беру мерзімге). Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташаланған қабылдау.
Тармақ 5
5. Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абонент ақысының өтемі заңдарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жеке меншікте бір бірліктен артық үйі (пәтер, үй) бар немесе үйін жалға берген адамдар тұрғын үй көмегін алуға құқығын жоғалтады.
Егер отбасы құрамындағы еңбекке жарамды адам жұмыс істемесе, оқымаса және жұмыссыз ретінде тіркелмесе, күтім қажет деп танылған мүгедектер мен жеті жасқа дейінгі бала күтімінде отырған адамдардан басқалар, тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тұрғын үй көмегі өтініш бергенше тұрғын үй-коммуналдық қызмет ақысы жөнінен қарыздар болған отбасыларға тағайындалмайды, кірісі жоқ отбасыларға бұл қатысты емес.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі бүкіл керек құжаттармен өтініш берген айдан бастап тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы өтінішті үй йесі, үйді жалға алушы келесі қосымша құжаттармен бірге береді:
Тармақша 1
1) жеке бас құжаты (көшірме);
Тармақша 2
2) Азаматтарды тіркеу кітабы (көшірме);
Тармақша 3
3) отбасының барлық мүшелерінің алдындағы тоқсанға кірісі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) үйдің жекешелендірілгені, сатып алынғаны немесе жалға алынғаны жөніндегі келісім (көшірме);
Тармақша 5
5) жылу беру бойынша қызмет көрсетуге шарт (көшірме);
Тармақша 6
6) қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті ретінде телекоммуникация қызметы ақысын төлеген келісім (көшірме), немесе квитанция-шот;
Тармақша 7
7) алдағы тоқсанға (жылу беруден басқа) коммуналдық қызмет үшін төлемдер туралы түбіртектері (көшірме);
Тармақша 8
8) кондоминиум объектілерді күрделі жөндеуді өткізу керегі туралы жалпы тұрғындар жиналысының хаттамасы.
Тармақ 8-1
8-1. Тұрмыстық көмек алуға құкығы тоқсан сайын жанұя адамдардың кірістері туралы анықтамалары және коммуналдық қызметке төлемдері туралы түбіртектерімен расталады.
Тармақ 9
9. Өкілетті орган тапсырылған құжаттардың нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің тағайындалуы немесе бас тарту туралы шешім 10 күн ішінде шығарады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға (жеке үйді ұстаудан басқа) жұмсалатын ақының, қолданылған коммуналдық қызмет ақының компенсациялық шамалар мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері қамтамасыз ететін тұрғын үй ауданының нормалары шегінде және де қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонға абонент ақысының өсуі себепті байланыс қызмет ақысының нақты төлемі мен отбасының кіріс жиынтығының 15 пайызының айырмасы ретінде есептеледі.
Тұрмыстық көмекті тағайындау ағымдағы тоқсанға тоқсан сайын жүргізіледі, сонымен жанұя кірістері және (жылу беру шығындардан басқа) коммуналдық қызмет үшін шығындар өткен тоқсанға есептеледі, жылу беру шығындары нақты төлемдер бойынша ендігі есептерімен жоспарланған есептерден алынады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді ұстау ақысына және коммуналдық қызмет ақысына тариф өзгерген жағдайда өкілетті орган алдында тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін алушылыр өзгерістер (үй меншігі, жанұя құрамы) болған жағдайда өкілетті органды 10 тәулік ішінде хабарландыруы қажет.
Үй йесі (жалға алушы) нақты емес мәлімет беріп, тұрғын үй көмегі артық немесе заңсыз тағайындалған төлем болып шықса, үй йесі (жалға алушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құкығынан айрылады, ал заңсыз тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар заңмен белгіленген түрде кейін қайтарылуға тиісті.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі ақшалай алушылардың шоттарына аударылады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қорынан көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Телефонға абоненттік ақының тарифы өсуі себепті өтем төлемі заңға сәйкес жүргіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлем дұрыстығын бақылау
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлемінің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің орындалуына тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асады.
Тарау 4. 4. Жанұяның жиынтық табысты есептеу тәртібі
4. Жанұяның жиынтық табысты есептеу тәртібі
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін үндеу берген тоқсанның алдынғы тоқсанның жиынтық табысқа бірге тұратын жанұяның бүкіл мүшелерінің табыстары қосылады (әрі қарай-есеп кезеңі).
Тармақ 18
18. Жарты айлық жанұяның жиынтық табысы тоқсанға осы кезеңнің жиынтық табыстың токсандағы айлар саннына бөлу жолымен есептеледі.
Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келген (кеткен) күннен бастап есепке алынады (алынбайды).
Тарау 5. 5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмеке үндеу берген тоқсанның алдынғы тоқсанның жанұянын жиынтық табысқа жанұяның бүкіл мүшелерінің табыстары қосылады (әрі қарай-есеп кезеңі).
Тармақ 20
20. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай ендігі түрлері есепке алынады:
Тармақша 1
1) еңбекакы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылықтан;
Тармақша 5
5) өзге де табыс;
Тармақ 21
21. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
Тармақша 1
1) атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген жанұядағы он сегіз жаска дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар;
Тармақша 3
3) тұрғын үй көмегі;
Тармақша 4
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 5
5) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
Тармақша 6
6) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
Тармақша 7
7) аудандық бюджет есеп қаражатынан көрсетілетін қаладағы көлікте жүру материалдық (әлеуметтік) көмек;
Тармақша 8
8) ең төмен күнкөріс көлемі белгіленгеннен төмен ортақ жалпы саннында есеп кезеңінде көрсетілген республикалық және жергілік бюджет қаражатынан, сонымен қатар жұмыс беруші көрсететін бір жолғы төлеу және материалдық көмек;
Тармақша 9
9) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
Тармақша 10
10) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
Тармақша 11
11) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар,
Санаторийлік-курорттық емдеу;
Протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
Жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
Білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
Тарау 6. 6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекакы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекакы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
Тармақ 22
22. Жиынтық табысы есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Ереженің 12-тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, ақшалай және заттай нысандағы үстемелер, сыйлықақылар, қосымша ақылар, өтемдер, (қаржыландыру көзіне қарамастан);
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткізіп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері; оларға өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгіленген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
Тармақ 23
23. Еңбекакы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
Тарау 7. 7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс
Тармақ 24
24. Жиынтық табысы есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
Тармақша 1
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
Тармақша 2
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі күн өсімінен;
Тармақша 3
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде жәпе шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
Тармақ 25
25. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
Тарау 8. 8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс
8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс
Тармақ 26
26. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
Тармақ 27
27. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар негізінде есептеледі.
Тармақ 28
28. Жиынтық табыс, егер төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы түзеу мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы тиісті келісім жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақ 29
29. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен расталады.
Тарау 9. 9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
Тармақ 30
30. Жеке қосалқы шаруашылыктан (үй малын, құс өсіруден) түскен табыс жиынтық табысқа қосылады.
Тармақ 31
31. Табыс көлемі, жеке қосалқы шаруашылықтан есепті кезеңдегі бес айлық мөлшерінде қабылданады.
Тарау 10. 10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
Тармақ 32
32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
Тармақша 1
1) ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
Тармақша 2
2) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс.
Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.».