О внесении дополнений в решение маслихата от 17 июня 2005 года № 183 «Об утверждении правил благоустройства, санитарной очистки территории, содержания и защиты зеленых насаждений в городе Рудном» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 17 маусымдағы
№ 183 «Рудный қаласында аумақты
абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл
көшеттерді ұстау және қорғау ережелерін
бекіту туралы шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 17 маусымдағы № 183 «Рудный қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы» (2005 жылғы 14 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-12, 2005 жылғы 20 шілдеде «Рудненский рабочий» газетінде № 56 жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы мына мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Сайлау алдындағы үгіттеу жұмыстарын жүргізу кезінде кандидаттар мен олардың сенім білдірген тұлғалары үгіттеу баспа материалдарын стендтермен , қалқандармен, тумбалармен жабдықталған және Рудный қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленген және Рудный қалалық сайлау комиссиясымен келісілген жерлерге орналастырады.
Кандидаттар тиісті объекті меншіктенушісінің рұқсатымен басқа орындарға үгіттеу баспа материалдарын ілуге құқылы.
Тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ескерткіштерге, обелискілерге, ғимараттар мен имараттарға, сонымен қатар дауыс беруге арналған ғимараттарға үгіттеу материалдарын ілуге тыйым салынады.
Белгіленген жерден басқа жерге хабарладыруларды, афишаларды, үндеухаттарды, хабарлама хаттарды жапсыруға, сонымен қатар көшенің көлік және жаяу жүретін бөлігін, құрылыстан бос аумақты және жалпы пайдаланудағы кез келген жерді әртүрлі қоқыстармен ластауға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Осы шешім Рудный қаласы бойынша әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.