О внесении дополнений в постановление районного акимата от 17 февраля 2005 года № 66/2 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 17 ақпандағы «Аудан бюджетінің есебінен қаржыландырылатын азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 66/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңңын 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкесті аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: мемлекеттік реестрде № 2918 тіркелген және аудандық «Родные просторы» газетінің 2005 жылғы 9 сәуірдегі № 14 жарияланған аудан әкімдігінің 2005 жылғы 17 ақпандағы «Аудан бюджетінің есебінен қаржыландырылатын азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 66/2 қаулысына, аудан әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 145/4, 2005 жылғы 26 тамыздағы № 269/9 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен, келесі толықтырулар енгізілсін: ауданның бюджетінің есебінен қаржыландырылатын азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауға: 4 тармақтың 1 тармақшасы келесі сөздерімен толықтырылсын: «радиотелефондарды пайдалануға арнаулы рұхсат алуға біржолдық материалдық көмек АЕК 2 мөлшерінде; ай сайын электрожылыту бағасын өтеуге материалдық көмек 3000 теңге мөлшерінде, жылыту мезгілінің кезеңіне»; 5 тармақтын 1) тармақшасы келесі сөздермен толықтырылсын: «төлемге есеп-шот».