О внесении изменений в постановление от 17 апреля 2006 года № 134 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы 17 сәуірдегі № 134 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қаулысы негізінде, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінуіне байланысты әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 134 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына (Денисов ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 28 сәуірде № 9-8-40 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2006 жылы 10 маусымда 24 санында басылып шыққан) мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулының 2 тармағында «азайту» деген сөзден кейін «10» саны «50» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылықтарынан түсетін табысты есептегенде енгзілген өзгерістерді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М. Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған куннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі