О внесении изменений в постановление акимата Костанайского района от 17 апреля 2006 года № 242 "О корректировке средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімдігінің «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін нормативтік карточкаға келтірілген, сондай-ақ статистика органы ұсынған бағаны, өндірістік шығындардың орташа деңгейін, орташа өнімділігін (өнімді) түзету туралы» 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер, отбасына қосылған кірістерді есептеу Ережесінің 30-тармағы негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы әкімдігінің «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тагайындау кезінде жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін нормативтік карточкаға келтірілген, сондай-ақ статистика органы ұсынған бағаны, өндірістік шығындардың орташа деңгейін, орташа өнімділігін (өнімді) түзету турала» 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 242 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-36, 2006 жылдың 19 мамырындағы № 19 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін: 1) 2-тармағы келесі редакцияда өзгертілсін: 60 пайызға азайту жолымен, 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін статистика органының ұсынылған, 2006 жылға арналған құнына түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бағылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.