О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Сандыктауского района 17 марта 2006 года № А-3/58 «Об организации социальных рабочих мест в Сандыктауском районе в 2006 году» Күшін жойған
Басқа 0
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № А-3/58 «Сандықтау ауданында 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағының 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс шараларды белгілеу үшін, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 3 сәуірінде № 1-16-33 тіркелген (2006 жылдың 12 сәуірінде аудандық № 28(7488) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № А-3/58 «Сандықтау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетіліп бекітілген қаулының әлеуметтік жұмыс орындарын құрайтын, кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі қосымшаға орай, жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы Ақмола облысы Сандықтау ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ
қосымша Ақмола облысы Сандықтау
ауданы әкімінің 2006 жылғы 17.07.
№ А-6/154 Сандықтау ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 17 наурыздағы № А-3/58
«2006 жылы Сандықтау ауданында
әлеуметтік жұмыс орындарын құру
туралы» қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
туралы қаулысына
БЕКІТІЛГЕН
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 17 наурыздағы
№ А-3/58 «2006 жылы
Сандықтау ауданында
әлеуметтік жұмыс орындарын
құру туралы» қаулысымен
Әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Т.б.
№
Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы
Адам саны
1
«Тұлпар» шаруа қожалығы
2
2
Жеке кәсіпкер Лотнц Ю.Б.
2
3
Жеке кәсіпкер Смолякова О.В.
2
4
Жеке кәсіпкер Сэу В.Я.
2
5
Жеке кәсіпкер Акимов М.А.
6
6
«Гермес» шаруа қожалығы
3
7
«Отчизна» шаруа қожалығы
3
8
Жеке кәсіпкер Умарова А.А.
1
9
«Сандықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
10
«Балкашинский» а/з жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
11
Жеке кәсіпкер Сидорова Л.В.
2
12
Жеке кәсіпкер Томбаиди С.
1