О внесении изменений в постановление акимата от 17 февраля 2006 года № 59 «Об организации оплачиваемых общественных работ в Аулиекольском районе в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 59 «Әулиекөл ауданында 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әкімдіктің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 59 «Әулиекөл ауданында 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмері 9-7-30, «Әулиекөл» газетінің 2006 жылы 30 наурыздағы жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
әкімдік қаулысының 1-қосымшадағы 3-тармақшасы шығарылсын;
«Уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындау үшін шарт жасасуға жұмыс түрлері мен көлемі» әкімдіктің қаулысында 2-қосымшадағы 7-тармаққа «Кәсіпорынның атауы» бағанында Әулиекөл ауданы әкімиятының «Құсмұрын жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Әулиекөл - сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ауыстырылсын.