О внесении дополнения в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 17 марта 2006 года № 7/2 «О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2006 года» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы «2006 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» № 7/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы «2006 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» № 7/2 қаулысына (2006 жылғы 28 наурыздағы мемлекеттік тіркелім нөмірі № 8-11-3, 2006 жылғы 8 сәуірде № 14 аудандық «Сарыарқа» газетінде жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын: «14-1. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы шыққан күннен бастап күшіне енеді. Келісілген: Аудандық ішкі істер Басқармасының бастығы М.Рахимжанов 14.04.2006 Аудандық медициналық бірлестіктің директоры Б.Мұздыбай 14.04.2006 Бұқар жырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы А. Абилов 14.04.2006