О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Аксу от 17 апреля 2007 года № 319/3 "Об утверждении Правил предоставления социальных выплат отдельным категориям граждан в городе Аксу" Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 сэуірдегі "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 319/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардьщ жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 319/3 қаулысына (2007 жылғы 14 мамырда Ақсу қаласының әділет басқармасында № 12-2-65 тіркелген, 2007 жылғы 17 мамырда қалалық "Ақжол-Новый путь" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қала әкімдігінің көрсетілген қаулысымен бекітілген, Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру Ережелерінде:
15- тармақтың 9 -тармақшасы келесі редакңияда жазылсын: "9) жас мамандар - педагогикалық мамандықтардың жоғары оқу орындарының түлектері, Ақсу өңіріне жұмысқа орналасуға жіберілген, сондай-ақ облыс әкімінің грантымен оқыған жоғары оқу орындарының түлектері - көмектің мөлшері 50000 (елу мың) теңге. Жас мамандар - Ақсу өңіріне жүмысқа орналасуға жіберілген жоғары оқу орындарының дәрігерлік мамандықтар түлектері - көмектің мөлшері 100000 (жүз мың) теңге, кейбір жағдайларда жас маман - Ақсу өңірінің ауылдық жеріне жүмысқа жіберілген дәрігерге, көмектің мөлшері 200000 (екі жүз мың) тенгеге дейін тағайындалуы мүмкін";
15-тармақ келесі мазмүндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) медициналық академияның 7 - курс студенттері. Көмектің мәлшері 261000 (екі жүз алпыс бір мың) теңге"; 17- тармақтың 8 — тармақшасы:
"15-тармақтың 9) тармақшасына - Ереженің 4-қосымшасына сәйкес білім алу қызметін керсетуге үш жақты келісім және жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі" деген жолмен толықтырылсын;
5- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Дәрі және гигиеналық қүралдар алуға әлеуметтік көмек";
23-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"23. Дәрі алуга Үлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және мүгедектерге мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, гигиеналық қүралдар алуға әлеуметтік комек".
Көрсетілген "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелері" келесі мазмүндағы 11-1 тараумен тольіқтырылсын:
"11-1. Азаматтардың жекелеген санаттарына түрғын-үй қызметі төлеміне материадцық көмек.
45-1. Түрғын-үй қызметі толеміне материалдық көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Үлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне;
2) Чернобыль атом электрстансасындағы апат салдарын жоюға қатысқандарға;
3) Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдарына қатысқандарға;.
4) Үлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің қайтадан некеге түрмаған жесірлеріне;
5) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинградтың түрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
6) кәмелетке толмаған концлагерьдің тұтқындарына.
7) жалғызілікті және жалғыз түратын еңбекке жарамсыз қарт
азаматтарға;
8) зейнетақы аз мөлшерде алатын зейнеткерлерге;
45-2. Осы Ереженің 45-1 тармағының 1),2),3),4),5),6) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін, 5 айға ай сайын көмектің мөлшері 1364 ( бір мың үш жүз алпыс төрт) теңгені қүрайды.
45-3. Осы Ереженің 45-1 тармағының 7), 8) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін көмектің мөлшері тоқсан сайын 2 тоқсанға 2 төменгі есептік көрсеткішті қүрайды.
45-4. Көмек тағайындау үшін мыналарды үсыну қажет: банк атауы мен есеп шоты көрсетілген осы әлеуметтік төлемге қүқылы адамның өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, өтініш иесінің жеке куәлігінің көшірмесі, түрғылықты мекенінде тіркелгенін растайтын қүжат.
45-5. Осы Ережедегі 45-1 тармақтьщ 1),2),3),4),5),6),7),8) тармақ-шаларында көрсетілген азаматтар тізімі төлемақыға "Мемлекеттік зейнетақы
төлеу орталығы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалы Ақсу аудандық бөлімшесі ұсынған тізімі бойынша қалыптасады."
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған сәтген бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Ә.Ә. Әбеновке және С.О. Есенғүловаға жүктелсін.