О внесении изменений в постановление акимата города Аксу от 17 апреля 2007 года № 319/3 "Об утверждении Правил предоставления социальных выплат отдельным категориям граждан в городе Аксу" Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Ақсу азаматтардың санаттарына төлемдерді беру бекіту туралы" № 319/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Реснубликасыңың 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 - тармағы 14) тармақшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Ақсу азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № З19/3 қаулысына (Ақсу қаласының әділет басқармасында 2007 жылдың 14 мамырында № 12-2-65 тіркелген, 2007 жылдың 17 мамырында "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған, қала әкімдігінің 2007 жылғы 25 шілдедегі "Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 319/3 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 591/5 (Ақсу әділет басқармасында 2007 жылдың 9 тамызында № 12-2-69 тіркелген, 2007 жылдың 16 тамызында "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған), 2007 жылғы 12 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 860/7 (Ақсу қаласының әділет басқармасында 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелген, 2007 жылдың 15 қарашасында "Ақжол-Новый путь газетінде жарияланған) қаулыларымен кейінгі енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, келесі өзгерістер енгізілсін:
қала әкімдігінің көрсетілген қаулысымен бекітілген Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру Ережелерінде:
45-2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
" 45-2. Көмектің мөлшері-1АЕК (бір айлық есептік көрсеткіш) ай сайын, осы Ереженің 1),2),3),4),5),6) тармақшаларында, 45-1 тармағында көрсетілген азаматтар үшін.";
45-3 тармағындағы "2 тоқсанға" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап
күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің
орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Х.О Есенғүловаға жүктелсін.