О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Аксу от 17 апреля 2007 года № 319/3 "Об утверждении Правил предоставления социальных выплат отдельным категориям граждан в городе Аксу" Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Ақсу каласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 319/3 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, мүқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2007'жылғы 17 сәуірдегі "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 319/3 қаулысына (Ақсу қаласының әділет басқармасында 2007 жылдың 14 мамырында № 12-2-65 тіркелген, 2007 жылдың 17 мамырында № 21 "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған, "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы сәуірдегі № 319/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жьшғы 25 шілдедегі № 591/5 (Ақсу қаласының әділет басқармасында 2007 жылдың 9 тамызында № 12-2-69 тіркелген, 2007 жылдың 16 тамызында № 34 "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған), "Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 12 қазандағы № 860/7 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен (Ақсу қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 12 қарашада № 12-2-72 тіркелген, 2007 жылдың 15 қарашасында № 47 "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
қала әкімдігінің көрсетілген қаулысымен бекітілген, Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру Ережелерінде:
15- тармақтың 9)тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) жас мамандар - Ақсу өңіріне жұмысқа орналасуға жіберілген, жоғары оқу орындарының түлектері мұғалімдік мамандықтар, сонымен қатар облыс әкІмінің грантымен оқыған, жоғары оқу орындарының түлектері -көмектің мөлшері 50 000 (елу мың) теңге. Жас мамандар-Ақсу өңіріне жұмыска орналасуға жіберілген, жоғары оқу орындарының түлектері дәрігерлік мамандықтар-көмектің мөлшері 200 000 (екі жүз мың) теңге.
15 -тармақ келесі мазмүндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 18 жасқа толмаған, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына компьютерлік техника алуға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге біржолғы материалдық көмек, келесі құжаттар қоса берілген өтініші бойынша: "Ақсу қаласының психологияльіқ-медициналық-педагогикалық кеңесі" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы; дәрігерлік-кеңес комиссиясының хаттамасынан үзіндінің көшірмесі; медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.