Об организации и сроках проведения приписки юношей, которым в год приписки исполняется 17 лет, к призывному участку отдела по делам обороны города Рудный в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
Тізімге алу жылында 17 жасқа толатын ер балаларды 2007 жылы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімдері туралы
"Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған ер балаларды Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тізімге алу 2007 жылдың қаңтар-наурызында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тізімге алу жөніндегі қалалық медициналық тізімге алу комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ. Шалтықов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2007 жылғы 8 ақпаннан бастап тізімге алуға жататын 1990 жылы ер балаларды алғашқы тексеруді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 2007 жылғы 8 ақпаннан 30 наурызға дейінгі кезеңде шақыру учаскесін саны алты адамнан тұратын техникалық жұмыскерлермен жасақтасын.
Тармақ 4
4. "Рудный қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М.М.Ахметовке және "Рудный қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Е.Қ.Данияровқа қалалық медициналык комиссияға жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен және мүлікпен жасақтау бойынша жұмыс жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Горняцк поселкесінің әкімі Қ.С. Қанешовқа және Қашар поселкесінің әкімі С.П. Прокопьевке, меншік нысанына қарамастан қала кәсіпорындарының, ұйымдарының барлық басшыларына әскерге шақырылушылардың "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру қағазы бойынша уақтылы келуін қамтамасыз ету, 1990 жылы туған ер балаларға толық және шынайы мінездемелерді және жеке іс қағаздарын жасақтауға қажетті құжаттарды беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Рудный қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М.М.Ахметовке, "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Қ.Ж.Міржақыповқа, Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық ыналық кәсіпорнының бас дәрігері А.И.Кравченкоға, "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Н.И.Губенкоға, "Рудный қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Е.Қ.Данияровқа Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне түрлі аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрған 1990 жылы туған ер балалардың сигналды тізімдерін беру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Г.Башковқа:
Тармақша 1
1) "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қылмыстық жауапқа тартылған 1990 жылы туған ер балалардың сигналды тізімдерін беру;
Тармақша 2
2) медиңиналық тізімге алу комиссиясын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін патрульдік полиңия нарядын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Шақыруды хабарлау, тізімге алуды өткізу, медициналық куәландыру және ер балаларды жеткізу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру қалалық бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ.Қ.Шалтықовқа Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы И.Г.Гиззатуллинмен бірлесіп әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған нарядты қаланың оқу орындарына жеткізу, алғашқы әскери дайындық оқытушылары-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз ету, олардың жүмысын бүқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастыру, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жүмыстың басталғандығы жөнінде хабарландыру беру, сондай-ақ әскери оқу орнына түсуге әскери-кәсіптік бағдар беру мақсатында тізімге алу уақытында әр шақырылушымен жеке әңгіме жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 10
10. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Г.Башковқа "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттіқ мекемесінің бастығы Г.Қ.Шалтықовпен бірлесіп медициналық тізімге алу комиссиясынан өтуден жалтарып жүрген тұлғаларды іздеу бойынша іс-шаралар әзірлеу ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке және "Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастыгы Ғ.Қ.Шалтықовқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 8 "Тізімге жылында 17 жасқа толатын ер балаларды 2006 жылы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімдері туралы" (2006 жылғы 20 қантардағы мемлекеттік тіркеу № 9-2-33, 2006 жылғы 22 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 15 болып жарияланған) бұрын қабылдаған қаулысы күшін жойды танылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 18
Әкімдіктің 2007 жылғы
8 ақпандағы № 150 қаулысына
қосымша
Тізімге алу комиссиясының негізгі құрамы:
Шалтықов Ғиззат Қабылқайұлы
«Рудный қаласының қорганыс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Лебедева Ольга Николаевна
Рудный қаласы әкімиятының «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Зимина Маргарита Ивановна
«Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі болімі» мемлекеттік мекемесінің есепші жұмыскері, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Тізімге алу комиссиясының мүшелері:
Редькин Геннадий Николаевич
«Рудный қаласының қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургы, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Шалдықов Марат Әбітұлы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қаласы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Тізімге алу комиссиясының резервтік құрамы:
Пестерев Вячеслав Алексеевич
«Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі аумақтық қорғанысты жұмылдыра дайындау бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Каунова Валентина Петровна
Рудный қаласы әкімиятының «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Стефаниди Софья Понаётовна
«Рудный қаласының қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Тізімге алу комиссиясының мүшелері:
Мұсаханов Марат Торғайұлы
«Рудный қаласының қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургы, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Ойықбай Мақсат Әзімбекұлы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қаласы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік -мекемесі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы(келісім бойынша).