О назначении Шукеева У.Е. председателем правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2008 года № 962 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 октября 2008 года № 669" Қолданыста
Басқа 0
Ө.Е. Шөкеевті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп тағайындау және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өмірзақ Естайұлы Шөкеев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
«Құлыбаев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.