О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 17 марта 2009 года № 141/3 "О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" № 141/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" № 141/3 қаулысына (12-3-225 №-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17 "Отарқа" және 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып;
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан Айзада Амангелдіқызы Құрманова, Өтен Борамбайұлы Тоқуров шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.