О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2009 года № 164 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 164 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 7-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын; Ережеге қосымшада: реттік нөмірі 7-жолдың "Өнімнің түрі" деген бағанында "Аммоний сульфаты*" деген сөздер "Аммоний сульфаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.