О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2010 года № 731 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности углей и производственных процессов их добычи, переработки, хранения и транспортировки" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 43, 393-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: «Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары» деген 7-бөлімде: 100-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада: «Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары» деген кестеде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1. Аd күл­ді­лі­гі, %, ар­тық емес 45,0 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.