О внесении изменений в постановление акимата от 17 февраля 2010 года № 74 "Об организации общественных работ в 2010 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының тізбесіне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-3-123, 2010 жылдың 5 наурызында "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2010 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің бекітілген тізбесінде: 3-тармақтың 2) тармақшасындағы "18480" деген цифр "29568" деген цифрмен ауыстырылсын; 7-тармақтың 2) тармақшасындағы "67200" деген цифр "95000" деген цифрмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.О. Теменовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.