О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 191 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына толықтыру енгізу туралы «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу үшін ғылыми немесе педагог қызметкерлерге бөлінген квоталарды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (2011 жылғы 26 мамырдағы № 221 (26619) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 6961 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакциядағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) квота бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері үшін құжаттар қабылдау – 2011 жылғы 1 маусымнан 15 қыркүйекке дейін;».
Тармақ 2
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә.Ырсалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.