О внесении изменения в постановление акимата от 17 января 2012 года № 11 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2012 год" Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 11 "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының, 1-тармағының, 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының, 2) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 11 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-212 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурызда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1–тармағының 1–жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, олар үшін лайықты жұмыс болмаған жағдайда".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛЕСІЛДІ:
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Т. Волоткевич