О внесении дополнения в постановление акимата от 17 января 2012 года № 76 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің  "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-179 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 21 ақпанда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ келесі мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын: "6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Р.Х. Каркеновқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ В. Константинов