О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 92 "О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца на территорию Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 92 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1. Қант өндiретiн кәсiпорындардың тiзбесi*
1. «Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 92 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қант өндiретiн кәсiпорындардың тiзбесi*
Р/с
№
Қант өндiретiн кәсiпорындардың атауы
1
«Орталық Азия Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
* Кәсiпорындардың тiзбесi кәсiпорындарды шикi қант құрағынан қант өндiретiн зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдерiне сәйкес қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) кәсiпорынның шикi қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
Тармақша 2
2) шикi қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндiрiсiнiң болуы;
Тармақша 3
3) кәсiпорындардың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған жобалық қуаты.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.