О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 17 октября 2013 года № 20/3-V «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Риддеру» Күшін жойған
Басқа 0
«Риддер қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың пайда болу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы»
Риддер қалалық мәслихатының
2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларының 2 тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеуiнiң Тiзiлiмiнде № 3084 тiркелген, 2013 жылғы 06 желтоқсандағы № 49 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, аталған шешіммен бекітілген:
тоғызыншы жол келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
«9. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері – 1 отырғызу орны – 1,996»;
он сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 18
«18. Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары – жалпы алаңы 1м2 – 0,7»;
он тоғызыншы жол келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 19
«19. Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары – жалпы алаңы 1 м2 – 0,48»;
Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларына ескертпе алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.