О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 17 октября 2013 года № 20/3-V «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Риддеру» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3084 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2013 жылы 06 желтоқсандағы № 49 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: шешім атауы келесі редакцияда жазылсын: «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы»; шешім қосымшасының атауы келесі редакцияда жазылсын: «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы»; шешім бастамасы келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»; Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, аталған шешіммен бекітілген: сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын: «8. Мектептер және өзге де оқу орындары – 1 оқушы».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.