О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 17 февраля 2014 года № 149 «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества» Күшін жойған
Басқа 0
«Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпандағы №149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпандағы №149 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы орысша мәтінінде өзгермейді, мемлекеттік тілінде жаңа мәтінде жазылсын:
«Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы».
Көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қармақшы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 23 желтоқсандағы №128
шешіміне 1-қосымша
Қармақшы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 17 ақпандағы №149
шешімімен бекітілген
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы кент және ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдарына немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімі аппаратының ақпараттық қабырғаларына және баршаға көрінетін жерлерге орналастыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұр шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 19
Қармақшы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 23 желтоқсандағы №128
шешіміне 2-қосымша
Қармақшы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 маусымдағы №180
шешімімен бекітілген
Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшiн көше тұрғындары өкiлдерiнiң сандық құрамы
р/с
Кент, ауылдық округ атауы
Көшелердің саны
Жергілікті қоғамдастық жиынына әр көшеден қатысатын азаматтар саны
Жалпы қатысатын азаматтар саны
1
Жосалы кенті
136
1
136
2
Төретам кенті
33
2
66
3
Ақай а/о
37
1
37
4
Жосалы а/о
4
3
12
5
Иіркөл а/о
8
2
16
6
Жаңажол а/о
9
3
27
7
III Интернационал а/о
11
3
33
8
Ақтөбе а/о
8
3
24
9
Ақжар а/о
19
2
38
10
Дауылкөл а/о
9
3
27
11
Алдашбай Ахун а/о
8
2
16
12
Қуаңдария а/о
13
2
26
13
Көмекбаев а/о
11
2
22
14
Қармақшы а/о
16
2
32
Барлығы
322
512