О внесении изменений и дополнения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 22/162-V "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Катон-Карагайского района" Күшін жойған
Басқа 0
"Катонқарағай ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/162-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1.
Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/162-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3344 болып енгізілген, 2014 жылғы 4 маусымдағы № 42 (7731) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Катонқарағай ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы».
Катонқарағай ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің санын айқындау қағидаларының қосымшасы алып тасталсын.
Аталған шешіммен бекітілген қағиданың 2 - тарауы келесі мазмұндағы он бірінші тармақпен толықтырылсын:
«11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғынға 3 өкіл сандық құрамында бөлек жиынға қатысушылар ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.».
Тармақ 2
2.
Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.