О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2014 года № 439 «Об утверждении Правил организации деятельности Центров оперативного управления и дежурных частей органов внутренних дел Республики Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 2-қосымшасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал- майоры Е.З. Тургумбаевқа, Жедел жоспарлау департаментіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қалалық, аудандық, желілік органдардың кезекші бөлімдерінің қызметтік үй-жайларының үлгілік тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 410 бұйрығына Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару оорталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Қалалық, аудандық, желілік органдардың кезекші бөлімдерінің қызметтік үй-жайларының үлгілік тізбесі
Тармақ 1
1. Жедел кезекшінің бөлмесі.
Тармақ 2
2. Кезекші бөлім бастығының кабинеті.
Тармақ 3
3. Қару сақтау бөлмесі.
Тармақ 4
4. Қаруды беру, қабылдау және тазалау бөлмесі.
Тармақ 5
5. Жеке броньдықорғану және белсенді қорғаныс құралдарын (бұдан әрі- ЖҚжБҚҚ) сақтау бөлмесі.
Тармақ 6
6. Кезекші жедел-тергеу тобының бөлмесі (бұдан әрі - КЖТТ).
Тармақ 7
7. Уақытша ұстау бөлмесі (бұдан әрі- УҰБ).
Тармақ 8
8. Кезекші нарядтың демалу бөлмесі.
Тармақ 9
9. Тамақтану бөлмесі.
Тармақ 10
10. Жуыну бөлмесі.
Тармақ 11. Қалалық, аудандық, желілік органдардың кезекші бөлімінің үлгілік сызбасы
11. Дәретхана. Қалалық, аудандық, желілік органдардың кезекші бөлімінің үлгілік сызбасы Ескертпе:
Тармақ 1
1. Үлгілік жоспарлау ішкі істер органдарының жаңадан салынып жатқан әкімшілік ғимараттары үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Қару сақтау бөлмесі ІІО барлық бөліністерінде осы Қағидалардың талаптарына қатаң сәйкестікте орналастырылады.
Тармақ 3
3. Жеке броньдықорғау және белсенді қорғаныс құралдарын сақтау бөлмесін кіру, шығу есіктерімен және әрбір қызметкерге арналған ашық шкафтармен (ұяшықтармен) ұйымдастырған орынды.
Тармақ 4
4. УҰБ саны олардың орташа тәуліктік толтырылуын ескере отырып, бірақ ерлерді, әйелдерді, кәмелетке толмағандарды бөлек ұстау үшін үш үй-жайдан кем емес анықталады және жедел кезекшінің жұмыс орнына жақын орналасады. Алаңының нормасы бір адамға 2,5-4 шаршы метрді құрайды. Еденнің негізі бетон, қабырғалары тегіс сыланады. Әрбір бөлменің жедел кезекшінің бөлмесіне қараған жағындағы қабырғасы барынша енді етіп жасалады, ол тор есігі бар тор аралық қабырғамен толтырылады. УҰБ ауа тартқыш желдеткішпен жабдықталады, орындықтар, санитарлық торап (ғимаратта тиісті коммуникациялар болған жағдайдв) орнатылады, медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі, олар жедел кезекшінің бөлмесінде сақталады. УҰБ-да тәуліктің қараңғы түсе бастаған кезеңінен бастап таң атқанға дейін жарық болуы тиіс. УҰБ-да шығып тұратын трубалар, бекітпелер, ашық электр сымдары, сондай-ақ ұсталған адамдардың полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау, өзіне-өзі қол жұмауы немесе өзіне және айналасындағыларға өзге де зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да заттар болмауы тиіс.