О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2014 года № 439 «Об утверждении Правил организации деятельности Центров оперативного управления и дежурных частей органов внутренних дел Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
17 шілдедегі № 439 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшасының 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы
Азаматтық процестік кодексі».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаментіне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.