О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 июля 2014 года № 439 «Об утверждении Правил организации деятельности Центров оперативного управления и дежурных частей органов внутренних дел Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде ақпаратты уақтылы тарату, жедел ақпаратты жинауды және өңдеуді жүйелендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
11-тарауды мынадай мазмұндағы «Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну» деген 3-параграфпен толықтырылсын:
«Параграф 3. Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну
94-1. Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну кезінде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;
жедел штаб – авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдарын үйлестіру үшін төтенше жағдайларды жою басшысының шешімімен құрылған басқару органы;
облыстық жедел штабтың жұмыс органы – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасы;
республикалық жедел штабтың жұмыс органы – Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы.
94-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған кезде аумақтарында осындай қатер туындаған облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің жедел кезекшілері облыстық жедел штабтың жұмыс органына осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес №1 нысаны бойынша күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы №_ мәлімдеме ұсынады.
94-3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде аумақтарында төтенше жағдай туындаған облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы өңірлік қолбасшылықтарының жедел кезекшілері облыстық жедел штабтың жұмыс органына осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес №2 нысаны бойынша күштер мен құралдарды төтенше жағдайлар аймағына жіберу туралы №_ мәлімдеме ұсынады.
94-4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған кезінде республикалық жедел штабтың сұрауы бойынша төтенше жағдайлар қаупі төну және туындау аумағынан тыс орналасқан облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің жедел кезекшілері оның жұмыс органына № 1 және № 2 нысандар бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жедел кезекшісі № 2 нысан бойынша мәлімдеме ұсынады.
94-5. № 1,2 нысандар бойынша мәлімдеме кейіннен жазбаша растай отырып барлық қолданыстағы байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету арналары мен жүйелері (түрлері) бойынша дереу беріледі.
94-6. № 2 нысан бойынша мәлімдеме одан әрі ахуалды нақтылай отырып, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу аяқтағанға дейін әр бір 4 сағат сайын, ал жағдайдың өзгеруі жағдайда дереу ұсынылады.
97-7. Мәлімдемелерде барлық әдеттегі, толық мәліметтер көрсетіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 19-қосымшасымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы
№ __ мәлімдеме
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
13 тамыздағы2015 жылғы
№ 690 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының жедел басқару
орталықтары мен кезекші бөлімдерінің
қызметін ұйымдастыру қағидаларына
19-қосымша
№ 1 нысан
Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы
№ __ мәлімдеме
Тармақ 1
1. Ықтимал ТЖ түрі __________________________
Тармақ 2
2. Ықтимал оқиға орны
Облыс (қала) ______________________
Аудан ____________________________
Елді мекен ________________________
Тармақ 3
3. Бөлімше:
Бөлімшенің атауы
Орналастыру орны
(мекен-жайы)
Жеке құрамның саны
(адам)
Тармақ 4
4. Жарақтау:
Бөлімшенің атауы
Жарақтау түрі
Атауы
Саны
Азық-түлік (тәулік)
Жанар-жағармай материалдары, (мотосағат)
Арнайы киімдер, (дана)
Арнайы аяқ киімдер, (дана)
Қарапайым құрал-саймандар, (дана)
Шатырлар, (дана/сыйымдылығы)
Вагоншалар, (дана/сыйымдылығы)
Киіз үй (дана/сыйымдылығы)
Байланыс құраллдары, (дана)
Тармақ 6
6. Техника барлығы, ____ бірлік. оның ішінде:
Бөлімшенің атауы
Техника түрі
Атауы
Саны
Автокөлік, (бірлік)
Арнайы техника, (бірлік)
Жүзу құралдар (бірлік)
Мотопомпалар, (бірлік)
Дәнекерлеу агрегаттары, (бірлік)
Компрессорлар, (бірлік)
Дербес энергиямен жабдықтану көздері, (бірлік)
Дербес жылу энергиясы көздері, (бірлік)
Тармақ 7
7. Әзірлікке келтіру уақыты (сағат, мин.)
___________________________________________________
Тармақ 8
8. Лауазымды тұлға, Т.А.Ә. (әзірлікке келтіру нұсқауын беруші)
____________________________________________________
Тармақ 9
9. Мәлімдемеге қол қойған адамның лауазымы, Т.А.Ә.
___________________________________________________
Тармақ 10. Күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу
туралы № __ мәлімдеме
10. Мәлімдемені ұсынған күні мен уақыты
___________________________________________________
№ 2 нысан
Күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу
туралы № __ мәлімдеме
Тармақ 1
1. ТЖ түрі __________________________
Тармақ 2
2. Бөлімше:
Бөлімшенің атауы
Орналастыру орны
(мекен-жайы)
Жеке құрамның саны
(адам)
Тармақ 3
3. Жарақтау:
Бөлімшенің атауы
Жарақтау түрі
Атауы
Саны
Азық-түлік (тәулік)
Жанар-жағармай материалдары, (мотосағат)
Арнайы киімдер, (дана)
Арнайы аяқ киімдер, (дана)
Қарапайым құрал-саймандар, (дана)
Шатырлар, (дана/сыйымдылығы)
Вагоншалар, (дана/сыйымдылығы)
Киіз үйлер (дана/сыйымдылығы)
Байланыс құралдары, (дана)
Тармақ 4
4. Техника барлығы, ____ бірлік, оның ішінде:
Бөлімшенің атауы
Техника түрі
Атауы
Саны
Автокөлік, (бірлік)
Арнайы техника, (бірлік)
Жүзу құралдар (бірлік)
Мотопомпалар, (бірлік)
Дәнекерлеу агрегаттары, (бірлік)
Компрессорлар, (бірлік)
Дербес энергиямен жабдықтау көздері, (бірлік)
Дербес жылу энергиясы көздері, (бірлік)
Тармақ 5
5. Қайда жіберіледі:
Бөлімшенің атауы
Жұмыс істеу орны
(облыс, қала, аудан,
елді мекен)
Жіберу күні мен уақыты
(астаналық)
Көліктің түрі (атауы)
Жүру бағыты
(станция, елді мекен)
Нөмір
(эшелон, ұшақ, лек)
Жолдағы уақыт
(жоспарлы, уақыты)
Жолдағы нақты болу орын
(облыс, қала, аудан,
елді мекен)
Кешігу себебі
Тармақ 6
6. Келу пункті:
Бөлімшенің атауы
Келу күні мен уақыты,
(астана уақытымен)
Уақытша орналасу орны (облыс, қала, аудан,
елді мекен)
Жұмыс жүргізу ауданы
(облыс, қала, аудан,
елді мекен)
Жүргізілетін жұмыстың сиапттамасы
Кету күні мен уақыты (астана уақытымен)
Тармақ 7
7. Лауазымды тұлға ның Т.А.Ә. (ТЖ аймағына күштер мен құралдарды жіберуге нұсқау берген)
___________________________________________________________
Тармақ 8
8. Мәлімдемеге қол қойған адамның лауазымы, Т.А.Ә.
___________________________________________________________
Тармақ 9
9. Мәлімдемені ұсынған күні мен уақыты
___________________________________________________________