О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5215 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегін «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды. Өтініш беру, қызмет көрсету нәтижесін ұсыну және тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдерінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»; 3-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________ С.Ф. Рахметова 2016 жыл «1» сәуір «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы _______________ Л. А. Дранчуковская 2016 жыл «1» сәуір