О внесении изменения и дополнения в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешіміне (2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»; көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.