О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 179 "Об утверждении натуральных норм обеспечения государственных органов служебными и дежурными автомобилями, телефонной связью, офисной мебелью и площадями для размещения аппарата государственных органов" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары*» деген 3-қосымшада: ескертпе ** мынадай редакцияда жазылсын: «** заттай нормалар, сондай-ақ: Жоғары Сот алқасының төрағасына, Жоғарғы Соттың судьяларына, Конституциялық Кеңестің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелеріне (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда), Конституциялық кеңес аппаратының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;»; көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 4-қосымшада: ескертпе ** мынадай редакцияда жазылсын: ** заттай нормалар сондай-ақ: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Жоғарғы Соттың судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелеріне (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда), Конституциялық кеңес аппаратының, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.