О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 179 "Об утверждении натуральных норм обеспечения государственных органов служебными и дежурными автомобилями, телефонной связью, офисной мебелью и площадями для размещения аппарата государственных органов" Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген, 2015 жылы 30 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 1-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл)
Төраға
1
2600 **********
Төраға орынбасары
1
2600
Есеп комитетінің мүшелері
1
2600
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері
5-ке 2 бірлік
2600
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
1
2600
Есеп комитеті аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы
1
2000
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы
1
2600
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары
1
2600
»;
Реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14
Министрліктер
Министр
1
2600**********
Министрдің орынбасары
1
2600
Жауапты хатшы
1
2600
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әрекеті 2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 7-жолды қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.