О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 179 «Об утверждении натуральных норм обеспечения государственных органов служебными и дежурными автомобилями, телефонной связью, офисной мебелью и площадями для размещения аппарата государственных органов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 2768 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары Р/с № Мемлекеттік органның атауы Лауазымның атауы Автомобильдер саны Қозғалтқыш көлемі, текше см. (автобустардан басқа) 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (километр) қызметтік (1 бірлік) кезекші 1 2 3 4 5 6 7 1 Премьер-Министр 1 3100 Мемлекеттік кеңесшісі 1 3100 2 Президент Әкімшілігі Президент Әкімшілігінің Басшысы 1 3100 Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 1 3100 Президент Кеңсесінің бастығы 1 3100 Президенттің көмекшісі 1 3100 Президенттің Баспасөз хатшысы 1 3100 Президенттің Протокол қызметінің бастығы 1 3100 Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы 1 2500 Астана қаласында көліктік қызмет көрсету 16********* 1********* 2600 Алматы қаласында 1********* 6********* 2600 Қонақтарға арналған 25 *** 3 Президенттің Іс басқармасы Президенттің Іс басқарушысы 1 2600 Президенттің Іс басқарушысының орынбасары 1 2100 Аппарат, ведомство басшысы 1 2100 4 Парламент Аппараты Парламент Палатасының аппарат басшысы 1 2000 Парламенттің аппарат басшысының орынбасары 1 2000 5 Үкімет Аппараты Премьер-Министрдің орынбасары 1 3100 Үкімет Аппаратының Басшысы 1******** 3100 Үкімет Аппараты Басшысының орынбасары 1 2000 Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету 12 1 2600 Қонақтарға арналған 14 *** 6 Конституциялық Сот Төраға 1 3100 Төраға орынбасары 1 2600 Судьялар 1 2000 Конституциялық Сот аппаратының басшысы 1 2000 Конституциялық Сот аппараты басшысының орынбасарлары 1 2000 7 Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы 1 2100 Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы 1 2000 8 Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл) Төраға 1 2100 Төраға орынбасары 1 2100 Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері 1 2100 Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері 5-ке 2 бірлік 2100 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 1 2100 Жоғары аудиторлық палата аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы 1 2000 9 Жоғарғы Сот Жоғарғы Соттың Төрағасы 1 2100 Жоғарғы Сот алқасының төрағасы 1 2000 Жоғарғы Соттың судьялары 3-ге 1 бірлік 2100 Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы 1 2000 Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары 1 2000 10 Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар Сот төрағасы 1 2100 Сот алқасының төрағасы 1 2100 11 Аудандық және оларға теңестірілген соттар Сот төрағасы 1 2100 12 Бас прокуратура Бас прокурор, Бас әскери прокурор 1 2100 Бас прокурордың (Бас әскери прокурордың) орынбасары, Бас прокурордың аппаратының басшысы 1 2100 Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы 1 2000 Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары 1 2000 13 Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар Прокурор 1 2100 Прокурордың орынбасары 1 2100 14 Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар Прокурор 1 2100 15 Министрліктер Министр 1 2100 Министрдің орынбасары 1 2100 Аппарат басшысы 1 2100 16 Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық Басшы 1 2000 17 Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі 1 **** Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары 1 **** Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы 1 **** Қонақтарға арналған 2 **** 18 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі 1 **** Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары 1 **** Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі 1 **** 19 Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты Қаладағы ауданның әкімі 1 **** 20 Жергілікті өкілді органдар Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихат төрағасы 1 2100 Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат төрағасы 1 2000 21 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы 1 ******* Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері 2-не 1 бірлік ******* 22 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың орталық аппаратын көліктік қамтамасыз ету қызметкерлерінің саны 100-ге дейін 1 ********** 3000-нан көп емес *** 100-ден 200-ге дейін 2****** 3000-нан көп емес *** 200-ден 300-ге дейін 3 3000-нан көп емес *** 300-ден 500-ге дейін 4* 3000-нан көп емес *** 500-ден 900-ге дейін 5 3000-нан көп емес *** 900-ден 1300-ге дейін 7 3000-нан көп емес *** 1300-ден 9 3000-нан көп емес *** 23 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: 100-ге дейін 1 3000-нан көп емес *** 100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету 2 3000-нан көп емес *** 24 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ, арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету 1 3000-нан көп емес *** 25 Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету ***** Абай облысы 160 3000-нан көп емес ***** Ақмола облысы 306 3000-нан көп емес ***** Ақтөбе облысы 216 3000-нан көп емес ***** Алматы облысы 196 3000-нан көп емес ***** Атырау облысы 141 3000-нан көп емес ***** Шығыс Қазақстан облысы 193 3000-нан көп емес ***** Жамбыл облысы 186 3000-нан көп емес ***** Жетісу облысы 151 3000-нан көп емес ***** Батыс Қазақстан облысы 216 3000-нан көп емес ***** Қарағанды облысы 234 3000-нан көп емес ***** Қостанай облысы 321 3000-нан көп емес ***** Қызылорда облысы 141 3000-нан көп емес ***** Маңғыстау облысы 126 3000-нан көп емес ***** Павлодар облысы 216 3000-нан көп емес ***** Солтүстік Қазақстан облысы 231 3000-нан көп емес ***** Түркістан облысы 224 3000-нан көп емес ***** Ұлытау облысы 91 3000-нан көп емес ***** Астана қаласы 35 3000-нан көп емес ***** Алматы қаласы 40 3000-нан көп емес ***** Шымкент қаласы 32 3000-нан көп емес ***** 26 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына көліктік қызмет көрсету 1 2600-ден көп емес ******* 27 Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті өкілді органдарға көлік қызметін көрсету 1 3000-нан көп емес *** Ескертпе: * Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлікте, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлікте қызметтік автомобильдердің заттай нормаларын белгіленсін; ** бұл заттай нормасы мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады; *** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2100 километрден асырмай белгілейді; **** жергілікті атқарушы органдар үшін жүру лимиттері облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2100 километрден асырмай белгілейді; ***** жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар бөлінісінде автокөлікті бөлу, сондай-ақ олар бойынша жүру лимитті айқындау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2100 километрден асырмай белгілейді; ****** Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы үшін саны 5 бірлік, хаттамалық іс-шараларды дайындауға байланысты қызмет ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары үшін саны 7 бірлік кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормасы белгіленсін; ******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиттері облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша айқындалады, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2100 километрден асырмай белгілейді; ******** осы заттай нормасы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директорына да қолданылады; ********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» мемлекеттік мекемесі үшін – 2 бірлік; ********** осы заттай нормасы «Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемелерге де қолданылады, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты үшін саны 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот құрамына көліктік қызмет көрсету үшін және 1 бірлік Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты үшін кезекші автомобильмен қамтамасыз етудің заттай нормасы белгіленсін. Осы заттай нормалары Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, арнайы мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қолданылмайды. Осы заттай нормаларындағы қызметтік автомобильдерге арналған жүру лимиті мемлекеттік мекеменің басшысын, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын, орталық атқарушы органның аппарат басшысын қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген жағдайлардағы жүруді қамтымайды.
Басқа 2. Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары*
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 2768 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары* Р/с № Лауазымның атауы Жиһаздың атауы Кеңселік жиһаздың саны (1 бірлікке) 1 2 3 4 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар 1 Басшы Басшының үстелі 1 Қағазға арналған тумба 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Жалғамалы мінбе 1 Кеңселік қабырға жиһазы 1 Келіссөздер жүргізуге арналған үстел 1 Қағазға арналған шкаф 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Басшыға арналған кресло 1 Келушілерге арналған кресло 12 Басшының демалыс бөлмесі Жұмсақ жиһаз 1 жиынтық (1 диван, 2 кресло) Телевизордың астына қоятын тумба 1 Журнал үстелі 1 Басшының қабылдау бөлмесі Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағазға арналған шкаф 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Келушілерге арналған орындық 4 Кресло 1 2** Басшының орынбасарлары, аппарат басшысы Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Жалғамалы мінбе 1 Кеңселік қабырға жиһазы 1 Келіссөздер жүргізуге арналған үстел 1 Қағазға арналған шкаф 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Кресло 1 Келушілерге арналған кресло 12 Басшы орынбасарларының, аппарат басшының демалыс бөлмелері Жұмсақ жиһаз 1 жиынтық (1 диван, 2 кресло) Телевизордың астына қоятын тумба 1 Журнал үстелі 1 Басшы орынбасарларының, аппарат басшының қабылдау бөлмелері Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағазға арналған шкаф 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Келушілерге арналған орындық 4 Кресло 1 3 Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің (комитеттер, департаменттер) басшысы Үстел қосымшасымен 1 Қағазға арналған тумба 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Қағазға арналған шкаф 2 Келіссөздер жүргізуге арналған үстел 1 Журнал үстелі 1 Телевизордың астына қоятын тумба 1 Диван 1 Басшыға арналған кресло 1 Келушілерге арналған кресло 6 Құрылымдық бөлімше (комитеттер, департаменттер) басшысының қабылдау бөлмесі*** Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағазға арналған шкаф 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Келушілерге арналған орындық 4 Кресло 1 4 Құрылымдық бөлімше (комитеттер, департаменттер) басшысының орынбасарлары Жалғамалы үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Қағазға арналған шкаф 1 Телевизордың астына қоятын тумба 1 Кресло 1 Келушілерге арналған кресло 4 5 Мемлекеттік органның басқарма бастығы Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағазға арналған шкаф 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Келушілерге арналған орындық 2 Кресло 1 6 Мемлекеттік органның қызметкері Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағазға арналған шкаф 1 (2 бірлікке) Сырт киімге арналған шкаф 1 (2 бірлікке) Құжаттарға арналған сөрелер 1 (3 бірлікке) Келушілерге арналған орындық 1 Кресло 1 Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдар **** 7 ***** Басшы Жалғамалы үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Келіссөздер жүргізуге арналған үстел 1 Қағазға арналған шкаф 2 Сырт киімге арналған шкаф 1 Басшыға арналған кресло 1 Келушілерге арналған кресло 6 Басшының қабылдау бөлмесі Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағаздарға арналған шкаф 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Келушілерге арналған орындық 4 Кресло 1 8 Басшының орынбасары Жалғамалы үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Келушілерге арналған кресло 4 Қағаздарға арналған шкаф 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Телевизордың астына қоятын тумба 1 Кресло 1 9 Құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкері Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағаздарға арналған шкаф 1 (2 бірлікке) Сырт киімге арналған шкаф 1 (2 бірлікке) Құжаттарға арналған сөрелер 1 (3 бірлікке) Келушілерге арналған орындық 1 Кресло 1 Аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) аумақтық органдар 10****** Басшы Жалғамалы үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Қағаздарға арналған шкаф 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Басшыға арналған кресло 1 Келушілерге арналған кресло 4 Басшының қабылдау бөлмесі Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Қағаздарға арналған шкаф 1 Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Келушілерге арналған орындық 4 Кресло 1 11 Басшының орынбасары Жалғамалы үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Келушілерге арналған орындық 4 Қағаздарға арналған шкаф 1 Сырт киімге арналған шкаф 1 Телевизордың астына қоятын тумба 1 Кресло 1 12 Құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкері Үстел 1 Қағазға арналған тумба 1 Келушілерге арналған орындық 1 Қағаздарға арналған шкаф 1 (2 бірлікке) Сырт киімге арналған шкаф 1 (2 бірлікке) Құжаттарға арналған сөрелер 1 (3 бірлікке) Кресло 1 Ескертпе: * кеңселік жиһаз – осы бұйрықта көзделген, мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық органдарының, ұлттық компаниялардың басшылары мен қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті жағдай жасау мақсатында олардың жұмыс орнын жабдықтауға арналған жиһаздар. Осы заттай нормалар көмекші бөлмелерге (келіссөз жүргізу бөлмелер, конференц-залдар, вестибюль, дәліздер, архив) кеңсе жиһазын сатып алуға қолданылмайды, оларға кеңсе жиһазын қаржылық сәйкес жылға бюджетте қарастырылған қаражат шегінде сатып алынады; ** заттай нормалар, сондай-ақ: Жоғары Сот алқасының төрағасына, Жоғарғы Соттың судьяларына, Конституциялық Соттың, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелеріне, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелеріне (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда), Конституциялық сот аппаратының, Жоғары аудиторлық палатаның, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшыларына қолданылады; *** болған жағдайда; **** заттай нормалар, сондай-ақ мыналарға қолданылады: Байқоңыр қаласында аумақтық органдарына, облыстардағы филиалдарға; ***** заттай нормалар, сондай-ақ мыналарға қолданылады: сот төрағасына, сот алқасының төрағасына, прокурорға, прокурордың орынбасарына; ****** заттай нормалар, сондай-ақ мыналарға қолданылады: сот төрағасына, прокурорға, прокурордың орынбасарына. Осы заттай нормалар министрліктерге қолданылмайды.