Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 17 марта 2015 года № 23/376 «О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств»

Өзге акт · № 15/182 · қабылданған 13.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-23376/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 17 марта 2015 года № 23/376 «О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств» Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/182 ·13.12.2017
10.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 17 марта 2015 года № 23/376 «О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/182 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 17 марта 2015 года № 23/376 «О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств»
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 «Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/182
Қабылданған күні
13.12.2017
Көрсетілген редакция
10.12.2019 117543_431988.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17M0003500
ЭКБ идентификаторы
117543
Редакция идентификаторы
117543_431988
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:50

0 Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы

17 наурыздағы № 23/376 «Бюджеттік
қаражат есебінен елді мекен шегінен
тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 23/376 «Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2694 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда № 81-82 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 6 тармағы мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберілген науқас қайтыс болған жағдайда, алып жүруші тұлғаға табытты мәйітімен бірге тасымалданғаны үшін көлік шығыны – 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жол шығыны өтелсін.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға: басым түрде интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшыларға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің «Қазақстан» санаториясы» акционерлік қоғамында, Алматы қаласының республикалық клиникалық госпиталінде және Астана қаласының Орталық клиникалық госпиталінде медициналық оңалтуды көрсету үшін мамандандырылған медициналық көмек түрінде екі жаққа плацкарттық немесе купелік вагондарына сәйкес ұсынылған темір жол билеттерінің тарифы бойынша темір жол көлігімен көлік шығындарын өтеу жүзеге асырылсын. Әуе көлігімен ұшқан жағдайда төлем темір жол көлігінің плацкарттық вагоны билеттерінің құнынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.».

2

2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Т.Ә. Бапиев
«13» _12_ 2017 жыл

Қолданыстағы