Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 371 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Национальной гвардии Республики Казахстан»

Бұйрық · № 380 · қабылданған 04.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-371/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 371 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Национальной гвардии Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 380 ·04.05.2023
04.05.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 371 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Национальной гвардии Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 380 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 371 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Национальной гвардии Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуіріндегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
380
Қабылданған күні
04.05.2023
Көрсетілген редакция
04.05.2023 180920_629175.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032450
ЭКБ идентификаторы
180920
Редакция идентификаторы
180920_629175
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:16

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 17 сәуіріндегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуіріндегі № 371 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11135 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5) тармақшасына және «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 5) тармақшасына, «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін әскери полиция органдарында тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы