О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 августа 2015 года № 669 «Об утверждении Правил оказания стационарозамещающей помощи» Күшін жойған
Басқа 0
«Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 95) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
«______»________№ ____
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 17 тамыздағы
№ 669 бұйрығымен бекітілген
Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) денсаулық сақтау субъектілерінің стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) күндізгі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті денсаулық сақтау субъектілерінің базасында көрсету;
Тармақша 2
2) стационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылай отырып, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны;
Тармақша 3
3) үйдегі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету;
Тармақша 4
4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері.
Тармақ 3
3. Стационарды алмастыратын көмекті медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.
Тармақ 4
4. Күндізгі стационарлардағы стационарды алмастыратын көмекті амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, үйдегі стационарларды – амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.
Тармақ 5
5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайында ұсынылатын стационарды алмастыратын көмек осы пациентті емдеу үшін қажетті зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және бейінді мамандардың консультацияларымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымының жолдамасы бойынша ұсынылады. Шұғыл стационарды алмастыратын көмек – жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 6
6. ТМККК тізбесіне кірмейтін стационарды алмастыратын көмек көрсету жөніндегі қызметтер ақылы негізде көрсетіледі.
Тармақ 7
7. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде тамақтандыру көзделмеген.
Тарау 2. 2-тарау. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібі
2-тарау. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсеткен кезде пациентті қарап-тексереді, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған кезде қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулерді және бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды, зорлық-зомбылық фактілері және дене жарақаттары анықталған кезде емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді, медициналық оңалту жүргізеді, жәбірленушілердің жүгіну фактілері және оларға көрсетілген медициналық көмек туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Пациентке барлық қажетті ем-шараларды амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері тағайындайды.
Тармақ 10
10. Тәулік бойы қадағалауды қажет ететін жағдайы нашарлаған кезде пациент дереу стационарға жатқызылады.
Тармақ 11
11. Жағдайы жақсарған және стационарды алмастыратын көмекті қажет етпейтін терапияны жалғастыру қажет болған кезде пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
Тармақ 12
12. Емдеу ұзақтығы пациент келіп түскен сәттен бастап:
Тармақша 1
1) гемодиализде, химиялық және сәулелік терапияда, медициналық оңалту мен қалпына келтіру еміндегі пациенттерді қоспағанда, күндізгі стационарда 8 жұмыс күнінен аспайтын;
Тармақша 2
2) үйдегі стационарда кемінде 3 жұмыс күнінен кем емес және жіті аурулар кезінде 5 жұмыс күнінен, созылмалы аурулары асқынған кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын күнді құрайды.
Тармақ 13
13. Тәулік бойы қадағалаумен медициналық көмек көрсету қажет болған кезде бірінші тәуліктері операциялық араласудан кейінгі хирургиялық аурулары, терапевтикалық аурулары бар пациенттерге шұғыл жай-күйді қадағалау үшін шұғыл емдеуге жатқызу кезінде күндізгі стационар жағдайларында медицина персоналының және экспресс зертхананың ауысым бойынша жұмысы жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Үш жасқа дейінгі балалар күндізгі стационарға оларға күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын адамдармен бірге жатқызылады.
Тармақ 15
15. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін медициналық көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер аурудың нозологиялық нысанымен, аурудың сатысымен және ауырлық дәрежесімен, негізгі ауруының асқынуларының және ілеспе патологиясының болуымен анықталады.
Тармақ 16
16. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) тәуліктік стационардан кейін медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін жалғастыруды қажет ететін аурулар;
Тармақша 2
2) стационарлық емделуден кейін медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін жалғастыруды қажет ететін аурулар;
Тармақша 3
3) асқынулар кезінде күндізгі стационар жағдайларында болумен емделуді қажет ететін созылмалы аурулар болып табылады.
Тармақ 17
17. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы қарсы көрсетілімдер:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, емдеу шараларын және медициналық қадағалауды тәулік бойы жүргізуді қажет ететін аурулар;
Тармақша 2
2) эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі инфекциялық аурулар;
Тармақша 3
3) «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар болып табылады.
Тармақ 18
18. Стационарды алмастыратын медициналық көмек алу қажет болған кезде пациенттің күндізгі стационарға күн сайын келуіне кедергі келтіретін органдар функцияларының бұзылуы, сондай-ақ инфекциялық асқынулардың жоғары қаупімен ұштасқан және маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулауды талап ететін балаларда тұрақты алмастыру ферментативті және бактерияға қарсы терапия алу үшін орфандық (сирек) аурулардың болуы пациентті үйдегі стационарда жүргізу үшін көрсетілімдер болып табылады.
Тармақ 19
19. Төсектік режимді қажет ететін пациенттерге күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетілмейді.
Тармақ 20
20. Стационарды алмастыратын көмек тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз болған кезде үйдегі стационар жағдайында көрсетілмейді.
Тармақ 21
21. Стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 6697 болып тіркелген) сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелерде медициналық құжаттаманы жүргізеді.