О внесении изменений в решение Байзакского районного маслихата от 17 мая 2016 года № 2-3 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения» Күшін жойған
Басқа 0
«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін және біріңғай
жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату
туралы» Байзақ аудандық мәслихатының
2016 жылғы 17 мамырдағы №2-3 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы №2-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3110 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымдағы «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және 704 бабының 3 тармағына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.