Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти»

Бұйрық · № 550-НҚ · қабылданған 07.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2016-no-81-ekb-159363/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти» Қолданыста Бұйрық ·№ 550-НҚ ·07.10.2021
07.10.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти»

Қолданыста Бұйрық ·№ 550-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти»
Атауы (қаз.)
«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
550-НҚ
Қабылданған күні
07.10.2021
Көрсетілген редакция
07.10.2021 159363_541361.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024711
ЭКБ идентификаторы
159363
Редакция идентификаторы
159363_541361
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:25

0

«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 кодымен жіктелген шикі мұнайды әкетуге мына жағдайда әкету кедендік бажымен:
1) Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуде немесе Қазақстан Республикасы әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген екі - немесе көпжақты шарттар жасасқан елдер, егер өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе;
2) олар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
3) олар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға әкету кедендік баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне салық салынбайды;
4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету:
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 95 доллардан төмен болған кезде;
2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 100 доллардан төмен болған кезде;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 105 доллардан төмен болған кезде;
2042 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін 110 доллардан төмен болған кезде.»;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын жіберетін мұнай жеткізу кестесінде айқындалады.»;
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымшада:
мына:
«

Ал­дың­ғы ке­зең­де­гі ши­кі мұ­най­дың ор­та­ша на­рық­тық ба­ға­сы (ЕА­ЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 ко­ды)
Ши­кі мұ­най­ға әке­ту ке­ден­дік ба­жы­ның мөл­шер­ле­ме­сі, 1 тон­на­сы­на АҚШ дол­ла­ры
Ашық тү­сті мұ­най өнім­де­ріне әке­ту ке­ден­дік ба­жы­ның мөл­шер­ле­ме­сі, 1 тон­на­сы­на АҚШ дол­ла­ры
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Ал­дың­ғы ке­зең­де­гі ши­кі мұ­най­дың ор­та­ша на­рық­тық ба­ға­сы (ЕА­ЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 ко­ды)*
Ши­кі мұ­най­ға әке­ту ке­ден­дік ба­жы­ның мөл­шер­ле­ме­сі, 1 тон­на­сы­на АҚШ дол­ла­ры
Ашық тү­сті мұ­най өнім­де­ріне әке­ту ке­ден­дік ба­жы­ның мөл­шер­ле­ме­сі, 1 тон­на­сы­на АҚШ дол­ла­ры
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: *Каспий теңізінің қазақстандық секторында толығымен орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы