О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 17 марта 2017 года № 111/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз» Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 111/15
«Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» №111/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5461 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешім кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты шешті:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.