О внесении изменения в решение Экибастузского городского маслихата от 17 марта 2017 года № 111/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз» Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 111/15
«Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 17 наурыздағы № 111/15 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5461 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешім қосымшасының 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерінің көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүргізіледі.»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.