О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 49 нс «Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту органов национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49 қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49 қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.»; аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20___ жылғы «___» _________ № ___ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20___ жылғы «___» _________ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында (бұдан әрі – ҰҚО) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) тәртібін айқындайды. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидалардың қолданылуы офицерлер құрамын әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге де қолданылады.
Тармақ 2
2. Ақшалай өтемақы төлеу Заңның 44-бабы 7-тармағына сәйкес ҰҚО әскери қызметшілерінің тамақтандыру шығыстарын өтеу мақсатында жүргізіледі. Әскери қызметші тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен кезде, күнтізбелік тәулік ішінде оның тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен жағдайларының санына қарамастан, бір әскери қызметшіге көрсетілген кезеңде бір реттен артық емес ақшалай өтемақы төленеді. ҰҚО әскери қызметшілері үшін азық-түлік үлесінің нормасы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін азық-түлікпен, азықпен, техникамен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 38/ҚБП бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11435 болып тіркелген) бекітілген. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші қызметтік іссапарда болған кезде және оған белгіленген тәртіппен тәуліктік шығыстар өтелген жағдайда, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.
Тармақ 3
3. Ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік органды ұстауға көзделген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ақшалай өтемақы төлеу тәртібі
2-тарау. Ақшалай өтемақы төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) бөлімшелерінің (органдарының) тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет бағыты бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментімен қалыптастырылады. Тізбе қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін ҰҚК Төрағасы орынбасарының бұйрығымен бекітіледі және ақшалай өтемақы төлеу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей ҰҚК мемлекеттік мекемелеріне (бөлімшелеріне) жолданады.
Тармақ 5
5. Ақшалай өтемақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік сұранымда айқындалған жалпы әскери үлес құны негізінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін ҰҚК бөлімше (орган) басшысы не оны алмастыратын адам есепті айдан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері аралығында басшының атына (ҰҚК әскери полициясы және әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін әскери қызметшілер әскери қызметін өткеріп жүрген бөлімше басшысының атына) баянат береді. Баянатқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ақшалай өтемақы төленетін әскери қызметшілердің тізімі қоса тіркеледі. Ақшалай өтемақы төленетін әскери қызметшілердің тізіміне:
Тармақша 1
1) ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы құрылымдық бөлімшелерінің, Шекара академиясының әскери қызметшілері үшін – саптық бөлім бойынша бұйрықтан үзінді көшірме және (немесе) жауынгерлік қызмет (жауынгерлік кезекшілік) кестесінен үзінді көшірме;
Тармақша 2
2) ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері үшін – әрбір әскери қызметшіге арналған саптық бөлім бойынша бұйрықтан және (немесе) шекара қызметінің кітабынан үзінді көшірме;
Тармақша 3
3) ҰҚК Авиация қызметінің әскери қызметшілері үшін – жауынгерлік қызмет (жауынгерлік кезекшілік) кестесінен үзінді көшірме және (немесе) әскери қызметті өткеруді растайтын ведомость және (немесе) ұшуларды дайындауға және орындауға қатысуды растайтын ведомость қоса беріледі.
Тармақ 7
7. Ақшалай өтемақы төлеу үшін әскери қызметшінің әскери қызмет өткеретін ҰҚК бөлімшесі (органы) басшысының бұйрығы (ҰҚК әскери полициясы және әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде – осындай бөлімшенің тиісті бастығының бұйрығы) негіз болып табылады. Бұйрықта әр әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтың жобасын:
Тармақша 1
1) ҰҚК ведомстволарында және олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда, ҰҚК Шекара академиясында – материалдық-техникалық (тылдық) қамтамасыз ету бөлімшелері;
Тармақша 2
2) ҰҚК орталық аппаратында және орталық аппараты жанындағы бөлімшелерінде – ҰҚК бөлімшесінің (органының) тиісті кадрлық бөлімшелері;
Тармақша 3
3) ҰҚК әскери полициясы және әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде – осындай бөлімше бастығы айқындаған жауапты лауазымды адам әзірлейді. Ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрық ақшалай өтемақы төлеуді жүзеге асыру үшін ҰҚО-ның тиісті қаржы бөлімшелеріне жолданады.
Тармақ 9
9. Ақшалай өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бір мезгілде жүргізіледі. Бұл ретте ақшалай өтемақы төлеу:
Тармақша 1
1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражат болған кезде – ақшалай үлес төлеумен бір мезгілде;
Тармақша 2
2) қаражат болмаған кезде – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Ақшалай өтемақыны аудару жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған алушылардың ағымдағы шоттарына әскери қызмет өткеру орны бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әскери қызметші ҰҚО-ның бір бөлімшесінен екінші бөлімшесіне ауыстырылған кезде уақтылы төленбеген немесе толық көлемде төленбеген өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.
Басқа 1. ________ жылға арналған негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің (органдарының) тізбесі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына 1-қосымша Нысан ________ жылға арналған негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің (органдарының) тізбесі Р/с № ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) атауы Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Басқа 2. Ақшалай өтемақы төленетін әскери қызметшілердің тізімі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Ақшалай өтемақы төленетін әскери қызметшілердің тізімі Р/с № Әскери атағы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Айына наряд саны Жалпы сома Барлығы: Бөлімше басшысы _________________________________________________________________ әскери лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)