О внесении изменения в постановление акимата Алматинской области от 17 ноября 2017 года № 508 «Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» № 508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелген, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редацияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы «10» мамыр № 218 қаулысына қосымша Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 қаулысына қосымша Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері № Атауы Төлемдерінің мөлшері (теңге) Спортшылар Жаттықтырушылар Клубтық командалардың жетекшілері 1 орын 2 орын 3 орын 1 орын 2 орын 3 орын 1 орын 2 орын 3 орын Олимпиада спорт түрлері 1 Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада Ойындары 400 000 300 000 40 000 30 000 2 Азия, Параазия және Сурдазия Ойындары 250 000 200 000 150 000 25 000 20 000 15 000 3 Ересектер арасында Әлем Чемпионаты 250 000 200 000 150 000 25 000 20 000 15 000 4 Ересектер арасында Азия Чемпионаты, Шығыс Азия Ойындары, Ислам Ойындары, Дүниежүзілік Универсиада 200 000 150 000 100 000 20 000 15 000 10 000 5 Жастар, студенттер арасында Әлем Чемпионаты, ересектер арасында жабық бөлмелерде Азия Ойындары, Орталық Азия Ойындары, Әлем Кубогы 150 000 120 000 100 000 15 000 12 000 10 000 6 Жасөспірімдер олимпиада Ойындары 120 000 100 000 70 000 12 000 10 000 7 000 7 Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты, Жастар арасында Азия Чемпионаты 100 000 70 000 50 000 10 000 7 000 5 000 8 «Азия Балалары» 50 000 40 000 30 000 5 000 4 000 3 000 9 Ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы 50 000 5 000 5 000 Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері 1 Дүниежүзілік Универсиада, ересектер арасында Әлем Чемпионаты және Кубогы, Әлем барысы, Еуразия барысы 150 000 100 000 70 000 15 000 10 000 7 000 2 Жастар, студенттер арасында Әлем Чемпионаты, ересектер арасында Әлем Кубогы, Қазақстан барысы, көшпенділер Ойындары 120 000 100 000 70 000 12 000 10 000 7 000 3 Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты 70 000 50 000 30 000 7 000 5 000 3 000 4 Ересектер арасында Азия Чемпионаты 100 000 70 000 50 000 10 000 7 000 5 000 5 Жастар арасында Азия Чемпионаты 70 000 50 000 30 000 7 000 5 000 3 000 6 Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Халық, Ауыл Ойындары, ұлттық спорт түрлері бойынша Фестиваль 50 000 5 000 5 000 Паралимпиада және Сурдлимпиада спорт түрлері 1 Ересектер арасында Әлем Чемпионаты, Дүниежүзілік ойындары 150 000 100 000 70 000 15 000 10 000 7 000 2 Жастар арасында Әлем Чемпионаты 120 000 70 000 50 000 12 000 7 000 5 000 3 Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты 100 000 50 000 30 000 10 000 5 000 3 000 4 Ересектер арасында Азия Чемпионаты 120 000 100 000 70 000 12 000 10 000 7 000 5 «Азия Балалары», жастар арасында Азия Чемпионаты 70 000 50 000 30 000 7 000 5 000 3 000 6 Ересектер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты, Қазақстан Республикасы Спартакиадасы, Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада Ойындары 50 000 5 000