О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 17 августа 2018 года № 228 «Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогообложения» Күшін жойған
Басқа 0
Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4956 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес ШЕШТІ:»;
шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506 –баптарында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері 3-қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын немесе төмендетілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.