О внесении изменения в постановление Глубоковского районного акимата от 17 апреля 2019 года № 138 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов и помещений для проведения встреч с избирателями на период выборов» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 138 «Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 138 «Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5875 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Глубокое ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.К. Старенковаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Глубокое ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Мусина «____» ________ 2019 ж.
Басқа 8. Сайлау өткізу кезеңінде үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізімі
Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «_»_____ №____ қаулысына қосымша Сайлау өткізу кезеңінде үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізімі Алтайский кенті – Юбилейная көшесі, «Горняк» Алтайский мәдениет үйінің маңында; Белоусовка кенті – Юбилейная көшесі нөмірі 10/1 үйдің маңында; Центральная көшесі, нөмірі 47 үйдің маңында; Бобровка ауылы – Профсоюзная көшесі нөмірі 34а үйдің маңында, Бобровка бос уақытты ұйымдастыру орталығы ғимаратының аумағында; Солнечный ауылы – Мир көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, бес қабатты тұрғын үй аумағында; Верхнеберезовский кенті – Ленин көшесі нөмірі 20 үйдің маңында; Алейская көшесі нөмірі 3 үйдің маңында; Веселовка ауылы – Гагарин көшесі нөмірі 33 үйдің маңында, «Веселовка орта жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Заречное ауылы - Центральная көшесі нөмірі 26 үйдің маңында; Глубокое кенті – Степная көшесі нөмірі 51 және 53 үйлердің арасында; Ленин көшесі нөмірі 64 үйдің маңында; Берестова көшесі нөмірі 12 үйдің маңында; Пирогов көшесі нөмірі 15 үйдің маңында; Березовка ауылы – Юбилейная көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, Березовка ауылдық мәдениет үйі аумағында; Б. Момышұлы көшесі нөмірі 26а үйдің маңында; Красная Заря көшесі - нөмірі 26 үйдің маңында; Прапорщиково ауылы - Школьная көшесі нөмірі 28 үйдің маңында; «Кировское» шаруа қожалығының әкімшілік ғимараты аумағында; Уварово ауылы - Ленин көшесі нөмірі 9 үйдің маңында, Уварово ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында; Черногорка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 31 үйдің маңында, «Асия» дүкенінің аумағында; 226 км өткелі – Центральная көшесі; Кожохово ауылы – Ленин көшесі нөмірі 12 үйдің маңында; Солнечная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында; Прогресс ауылы – Киров көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, «Прогресс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Киров көшесі нөмірі 12 үйдің маңында, Прогресс ауылдық мәдениет үйі ғимаратының маңында; Абай көшесі нөмірі 28 үйдің маңында; Предгорное ауылы – Киров көшесі нөмірі 47 үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында; Перевальное ауылы – Рабочая көшесі нөмірі 63/1 үйдің маңында; Быструха ауылы – Новостройка көшесі мен Орталық көшесінің қиылысындағы нөмірі 11 үйдің маңында; Орталық көшесі «Риддер» дәмханасының аумағында; Юбилейная көшесі нөмірі 8 үйдің маңында; Зимовье ауылы – нөмірі 35 және нөмірі 37 үйлердің аралығында; Малоубинка ауылы – Клиновицкий көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, «Малоубинка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Клиновицкий көшесі нөмірі 6 үйдің маңында, Малоубинка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында; Карагужиха кенті, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының аумағында; Опытное поле ауылы – Степная көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, Опытное поле ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында; Секисовка ауылы - Новостроевская көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, Совхозная көшесі нөмірі 6 үйдің маңында; Чапаев көшесі нөмірі 69а үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 22 үйдің маңында; Белокаменка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 12 үйдің аумағында; Ново-Михайловка ауылы - нөмірі 42 үйдің аумағында; Планидовка ауылы – нөмірі 29 үйдің аумағында; Ушаново ауылы - Школьная көшесі нөмірі 1а үйдің маңында, «Ушаново орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Степное ауылы – Школьная көшесі нөмірі 17 үйдің маңында, «Степное негізгі мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Каменный карьер ауылы – нөмірі 47 үйдің маңында; Тархан ауылы – Степная көшесі нөмірі 60 үйдің маңында, Тархан ауылдық мәдениет үйінің аумағында; Винное ауылы – Ворошилов көшесі нөмірі 15 үйдің маңында, «Винное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Ново-Ульбинка ауылы – Абай көшесі нөмірі 11 үйдің маңында; Горная-Ульбинка ауылы – Школьная көшесі нөмірі 6 үйдің маңында, «Шығыс Қазақстан обысының табиғат ресурстары басқармасының Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Черемшанка ауылы - Лениногорская көшесі нөмірі 74 үйдің маңында; Гагарин көшесі нөмірі 12/1 үйдің маңында, Черемшанка ауылдық мәдениет үйінің аумағында.