О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 17 июля 2019 года № 154 «О создании государственного природного заказника местного значения «Кордай-Жайсан» Қолданыста
Басқа 0
«Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4278 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «369 473,21» деген сандар «367 874,253» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағы 1598,957 гектарға азайтылсын.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы Н. Егембердиев
Басқа 8. Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын жерге орналастыру жобасы
Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы «__» ________
№ __ қаулысына 1-қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 17 шілдедегі
№ 154 қаулысына 1-қосымша
Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын жерге орналастыру жобасы