О внесении дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 17 июля 2019 года № 334 «Об утверждении правил общего водопользования в Кызылординской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6851 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде 2019 жылғы 25 шілдеде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларының:
19-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 8
«8) су акваториясында қозғалтқыштың қуаттылығы 40 ат күші және күші одан жоғары шағын көлемді кемелердің пайдаланылуына және қозғалуына (оның ішінде қолдан жасалған Байдалар) жол берілмейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.