О внесении изменения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 17 апреля 2019 года № 49/2 «О предоставлении в 2019 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/2 шешіміне (2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақша 1
«1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.