О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 17 июля 2019 года № 52/444-6с «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №56 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 3
3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/631-6с шешіміне қосымша Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №52/444-6с шешімімен бекітілген Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Тарау 1. 1-тарау. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1-тарау. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты
2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатына жататындар:
Тармақша 1
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері.