О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 17 июля 2019 года № 52/444-6с «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент» Күшін жойған
Басқа 0
«Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №56 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;
2-тармақтың 2), 3) тармақшаларына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Шымкент қаласы
мәслихатының
2023 жылғы 27
желтоқсандағы
№ 13/109-VIII
шешіміне қосымша
Басқа 7. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Шымкент қаласы
мәслихатының 2019 жылғы
17 шілдедегі № 52/444-6с
шешімімен бекітілген
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:
тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасының 10 %, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 3
3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 4
4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 5
5) толық емес отбасылар;
Тармақша 6
6) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.